ASSYL ARLAN республикалық турнирінде жоғары шеберлік пен қайсарлық танытқан астаналық балуан Еренқайыпов Қылыш Өгіз палуан атанып, бас жүлде – автокөліктің иегері болды.
Тартысқа толы белдесулерде қарсыластарына дес бермей, өз мықтылығын дәлелдеген спортшы көрермендердің зор қошеметіне бөленді. Бұл жеңіс – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі, сондай-ақ қазақ күресінің мәртебесін асқақтатқан айтулы жетістік.
Еренқайыпов Қылышты жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз! 🏆🚗🇰🇿
