Биылғы фестивальдің тағы бір айрықша ерекшелігі – алғаш рет республикалық аударыспақ сайысының ұйымдастырылуы болды. 🔥

Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Ұлттық спорттың көркін қыздырған тартысты бәсекеде спортшылар қомақты жүлде қоры үшін сынға түсті. Нәтижесінде
І орын иегеріне – 1 миллион теңге,
ІІ орынға – 750 мың теңге,
ІІІ орынға – 500 мың теңге табысталды.

Бұл сайыстың беделін арттырып қана қоймай, ұлттық спортты дамытуға серпін берді. 🇰🇿🐎🏆