«Асыл бесік – Ақсуат» – Абай облысының Ақсуат ауданында өтетін өнер және спорт фестивалі. Фестиваль аясында ұлттық спорт пен мәдениет кеңінен насихатталып, түрлі жарыстар мен өнер бағдарламалары ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында балуандар бозкілемде белдесіп, аламан бәйгеде жүйрік тұлпарлар сынға түсіп, шабандоздар бақ сынайды. Ұлттық спорт түрлерінен аударыспақ сайысы да өткізіледі.
Фестиваль бағдарламасы аясында республикалық тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен келген зияткер ойын шеберлері бақ сынайды. Сондай-ақ «Артық білім – кітапта» атты кітап оқу сайысы өткізіледі.
Мәдени бағдарлама да мазмұнды болмақ. Көрермендерге "Алатау серілері" өнер ұжымының «Рух» атты жеке шығармашылық кеші ұсынылады. Сонымен қатар ASSYLTAS театры «Ауыл кеші көңілді» атты театрлық қойылымын сахналайды.Фестиваль соңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен гала-концерт өтеді.

Республикалық тоғызқұмалақ турнирі
ASSYL ARLAN салмақ өлшеу рәсімі. (Ырғызбай ата кесенесі)
Ырғызбай ата рухына құран
бағыштау, ас беру
Assyl Arlan турнирінің басталуы
(Ақсуат Орталық алаңы)
ASSYL TULPAR республикалық аударыспақ сайысы
Фестивальдің ресми ашылуы
Assyl Arlan турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі
(Ақсуат Орталық алаңы)
Алатау серілерінің “Рух” атты жеке шығармашылық кеші
Assyl Tulpar бәйгесінің ашылу салтанаты. (Екпін ауылы, атшабар)
“Артық білім кітапта” облыстық кітап сайысының басталуы
ASSYL TULPAR республикалық аударыспақ сайысының финалы
ASSYL TULPAR марапаттау рәсімі
“Ауыл кеші көңілді” (ASSYLTAS театры қойылымы, мюзикл)
Гала концерт
(Ақсуат, Орталық алаң)
Отшашу
(Ақсуат, Орталық алаң)