«Артық білім – кітапта…» байқауы өз мәресіне жетті.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және «Оқитын ұлт» қалыптастыру жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Артық білім – кітапта…» байқауының финалдық кезеңінің жеңімпаздары анықталды.

«ASSYLTAS» қоғамдық қорының бастамасымен және Абай облысы әкімдігінің қолдауымен «Артық білім – кітапта…» жобасы Ақсуат ауданында өткен «Алтын бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

Бас жүлде — автокөлік иегері атанған Абай ауданының «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Бес асыл» командасы.

Байқаудың ең ерекше сәттерінің бірі — бас жүлде иегеріне автокөліктің табысталуы болды. Бұл сыйлықты Ақсуат өңірінің тумасы, кәсіпкер әрі меценат Қайырлы Қасенов арнайы демеушілік жасап ұсынды. Оның жастардың білімге ұмтылысын қолдауға бағытталған бұл бастамасы қатысушылар мен көрермендердің зор ықыласына ие болды.

І орын — Ақсуат ауданының «Қабеков мектебі» КММ-нің «Assyl Bolmys» командасы.

ІІ орын — Бесқарағай ауданының «Өндіріс орта мектебі» КММ-нің «Кітап Time» командасы.

ІІІ орын — Аягөз ауданының «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-нің «Бес тұлға – бір мақсат» командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтай отырып, білім мен руханият жолындағы ізденістеріне табыс, шығармашылық бастамаларына сәттілік тілейміз.